Lesson / Cабақ 1

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Сәлеметсіз бе! Қалайсыз, хал-жағдайыңыз жақсы ма?
  • Амансыз ба! Рақмет, жақсы. Өзіңіз қалайсыз? Аман-есенсіз бе?
  • Рақмет. Сіз кімсіз, жаңа қызметкерсіз бе?
  • Жоқ, мен жаңа қызметкер емеспін.
  • Ал жаңа аудитор кім?
  • Танысыңыз, жаңа аудитор Айжан Айдарқызы. Ал, сіз хатшысыз ба, референтсіз бе?
  • Жоқ, мен хатшы емеспін, экономистпін. Ал, сіз кімсіз?
  • Мен Мұрат МаратұлыМЫН, жаңа менеджермін.
  • Мен Алма АсанқызыМЫН, бас маманМЫН. Мынау визиткам, алыңыз.
  • Рақмет, визит картам міне, хабарласыңыз.
  • Сіз аға менеджерсіз бе, бас меңгерушісіз бе?
  • Бас менеджермін.
  • Өте жақсы, танысқаныма қуаныштыМЫН.
  • Мен де қуаныштыМЫН.


Сөздік - Dictionary

  1. Танысу - Introduction
  2. Есім – Name
  3. Ат – Name
  4. Сіз кімсіз? – Who are you?
  5. Хатшы – Secretary
  6. Бас маман – Leading specialist
  7. Меңгеруші – Manager
  8. Аға менеджер – Senior manager
  9. Қызметкер – Employee
  10. Жаңа – New
  11. Танысқаныма қуаныштымын – Nice to meet you
  12. Емес – not
  13. Өте жақсы – Very well
  14. Рахмет – Thank you


  • Hello! How are you doing?
  • Hello! I am fine, thank you. And you?
  • Thank you. Are you a new employee?
  • No, I am not a new employee.
  • And who is a new auditor?
  • Let me introduce the new auditor Aizhan Aidarkyzy. Are you a new secretary?
  • No, I am not a secretary, I am an economist. How about you?
  • I am Murat Maratovich, a new manager.
  • I am Alma Asanovna, a leading specialist. Here is my business card.
  • Thank you, this is my business card, don’t hesitate calling.
  • Are you a senior manager or top manager?
  • I’m a senior manager.
  • Very well, I am glad to meet you.
  • So am I.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.