Lesson / Cабақ 10

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

Мен Ғалия Болатқызымын. Компанияның жаңа хатшысымын, жасым жиырма бірде (21). Бізде 20 адам жұмыс істейді, әріптестерім білікті мамандар. Дүйсенбіден сенбіге дейін жұмыс істейміз. Жұмыс күні сағат 9.00-дан 18.00-ге (6-ға) дейін. Таңертең кеңсеге 08.45-ке дейін келеміз. Бастығымыз сағат 09.00-да келеді. Сағат 09.30-дан 10.30-ға дейін жиналыс болады. Жиналысқа бірнеше маман қатысады. Бастықтың орынбасары – екеу, бас маман үшеу, менеджерлер алтау. Бірінші орынбасар Алматыда, екіншісі Астанада. Сағат 10.30-дан кейін Астанадан факс қабылдаймыз. Сағат 13.00(1)-ге дейін екінші орынбасар жаңа тапсырыс қабылдайды. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.00- ге дейін. Түстен кейін хаттарға жауап жазады, телефон арқылы сөйлеседі. Сағат 16.00-ден 16.45-ке дейін бастықтың қабылдау сағаты. Бір сағаттан кейін мен оған құжаттар дайындаймын. Әр дүйсенбіде бөлім меңгерушілері жиналады. Жұма күні жұмыстан кейін есеп береді. Жазда маусым айында аудит болады.


Сөздік - Dictionary

  1. Әріптес - colleague
  2. Білікті маман - skilled specialist
  3. Дейін- until
  4. Шейін – until, till
  5. Жұмыс күні – work day
  6. Бастық - boss
  7. Жиналыс - meeting
  8. Орынбасар - deputy
  9. Қабылдау – receive / reception
  10. Жаңа тапсырыс – new orders
  11. Құжат дайындау - prepare documents
  12. Бөлім меңгерушісі - head of department
  13. Есеп беру - to make report
  14. Таңертең - morning
  15. Жұмыс істеу – to work


I am Galya Bolatkyzi. I ama new secretary of the company, I am twenty one years old. There are 20 employees in the company, my colleagues are skilled specialists. We work from Monday till Saturday and our work hours are from 9.00 till 18.00. In the morning we come to the office by 8.45 but our new boss will come at 9.00. Meeting goes everyday from 9.30 till 10.30. Few specialists participate in the meetings. Our boss has two deputies, three head specialists, and six managers. The First Deputy is in Almaty and the Second in Astana. We get faxes from Astana after 10.30. The Second deputy gets new orders until 13.00. Our lunch break is from 13.00 till 14.00. In the afternoon he answers letters and phone calls. Our boss’ open hours start from 16.00 till 16.45. An hour later I prepare documents for the boss. All heads of departmens meet every Monday. On Friday they report on work performed. Every summer in June we go through audit check.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.