Lesson / Cабақ 12

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Сәкен, сен спорттың қай түрімен шұғылданасың?
  • Мен шаңғы тебумен айналысам(ын). Өзің ше?
  • Менің жүзумен айналысуым қажет, бассейнге баруым керек, алайда жұмыс көп. Өзің бос уақытыңда немен айналысасың?
  • Қыста достарыммен бірге машинамен Шымбұлаққа барамыз, шанамен, шаңғымен сырғанаймыз. Ал жазда жүгірумен айналысам(ын).
  • Иә, спортпен шұғылдану керек. Үнемі денені жаттықтыру қажет, сонда ұзақ жасайсың.
  • Дұрыс, қазір спортпен айналысу аса маңызды.
  • Біздің балалармен бірге көбірек уақыт өткізуіміз керек. Олармен спорт залына жиі бару қажет.
  • Мен өз балаларыммен таңертең жүгіремін. Демалыста жолдастарыммен бірге тауға шығамыз, отбасымызбен көңілді демаламыз.
  • Ал біз әр жексенбі таза ауамен демалу үшін Медеуге барамыз. Мұз айдынында коньки тебумен шұғылдану тиімді, мен жақсы сырғанайтын болдым.
  • Жақсы екен. Мен бала кезімде футболмен айналысатынмын, қазір де ойнау керек еді, бірақ уақытым аз.


Сөздік - Dictionary

  1. Шұғылдану – engage in / busy
  2. Шаңғы - ski
  3. Бос уақыт – free time
  4. Сырғанау - skying, rolling
  5. Дене - body
  6. Жаттықтыру - train
  7. Жиі - often
  8. Жүгіру - run
  9. Тауға шығу – go to mountain
  10. Таза ауа – fresh air
  11. Демалу – take rest
  12. Айналысу – engage in / busy
  13. Ойнау - play
  14. Көңілді – funny / happy
  15. Уақыт - time


  • Saken, what kind of sports do you go for?
  • I go skiing. What about you?
  • I need to go swimming. I need to go to the swimming pool but I have so much work to do. What do you do in free time?
  • In winter, we drive to Shimbulak with the friends, we ski and skate. In summer, I run.
  • Yes, we need to go in for sports. We need to take good care of our bodies, to live longer.
  • Right, nowadays it’s very important to go in for sports.
  • We need to spend more time with our kids too. We need to go with them to the gym more often.
  • I usually run with my kids every morning. On week-ends we go with the friends to the mountains, spend fun time with the family.
  • Every Sunday we go to Medeu to get some fresh air. It’s very useful to do skating as well, I skate much better nowadays.
  • That is good. I used to play football when was a kid. I would have needed to play it now as well, but have no enough time.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.