Lesson / Cабақ 13

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Алло, сәлем, жағдай қалай?
  • Бәрі ойдағыдай. Күнделікті жұмыс, еш өзгеріс жоқ.
  • Айтпақшы, жексенбі күні не істейсің, қандай жоспарың бар?
  • Ағаларымды көргім келеді, солармен кездескім келеді. Өзің ше?
  • Үйде боламын, үй шаруаларымен айналысуым керек, бірақ істегім келмейді.
  • Демалыс күні демалмайсың ба, ол күні менің де ештеңе жасағым келмейді.
  • Кімнің істегісі келеді? Менің де достарыммен кездескім, қыдырғым келеді. Өзім де тынығуды жақсы көремін.
  • Онда неге демалмайсың?
  • Үй шаруасы тым көп, соны бітіруім керек. Келесі демалысқа қалдырғым келмейді. Бауырларыңмен қайда барғыларың келеді?
  • Киноға барайын деп едім, ал ағаларым жүргілері келмейді.
  • А, олардың қыдырғысы келмейді, үйде болғылары келеді, иә?
  • Иә, үйден шыққылары келмейді, теледидардан футбол қарағылары келеді. Ал, сенің не істеуің керек еді?
  • Жиһаздардың орнын ауыстырғым, қонақ бөлмені өзгерткім келген.
  • Мен саған көмектесетін едім, бірақ туысқандарыммен боламын. Ренжіме.
  • Ештеңе етпейді, түсінемін ғой.
  • Жақсы, келесі демалыста бірге демаламыз.


Сөздік - Dictionary

  1. Ойдағыдай – everything is fine / as planned
  2. Күнделікті жұмыс – everyday work
  3. Өзгеріс – a change
  4. Жоспар - plan
  5. Үй шаруасы – home work
  6. Қалдыру - leave
  7. Қыдыру- go out
  8. Футбол қарау – watch football
  9. Жиһаз- furniture
  10. Тынығу - rest
  11. Кездесу-meet
  12. Ауыстыру – change
  13. Ренжіме – don’t be offended
  14. Бауыр – relative / brother
  15. Өзгерту – to change


  • Hello, how are you?
  • Everything is ok. Daily routine work, nothing new.
  • By the way, what are you doing on Sunday? Do you have any plans?
  • I want to visit my brothers, I miss them. And you?
  • I will stay at home. I have a lot of home things to take care of, but I don’t want to do that.
  • Take some rest during the week-end, I don’t like to do anything during these days too.
  • Who wants to!? I wish to meet my friends and go out with them. I like rest too.
  • Then why don’t you rest?
  • I have to do a lot of things at home, I need to finish it. I don’t want to leave it for next week. Where do you want to go with your brothers?
  • I wanted to go to the cinema, but elder brothers don’t want to.
  • It means they don’t want to go out, do they want to stay home?
  • Yes, they don’t want to go out. They want to watch football. What do you need to do?
  • I wanted to change my living room furniture.
  • I would have helped you if not planned to be with relatives. Don’t be offended.
  • Don’t worry, it is ok. I understand.
  • Ok, we will spend next week-end together.
© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.