Lesson / Cабақ 14

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Кешіріңіз, сізден сұрайын деп едім: құрбымның туған күніне сыйлық алсам деп едім.
  • Келіңіз, қарап көріңіз, не қаласаңыз, мұнда бәрі бар. Құрбыңыздың жасы нешеде?
  • Жиырма бесте, ол жас. Анау құмыраны көрсем бола ма?
  • Әрине. Өте әдемі құмыра.
  • Бағасы тым қымбат, ал менің қаражатым онша көп емес. Маған арзандау, аса қымбат емес, алайда әдемі зат тауып беріңізші.
  • Сізге қалай көмектессем екен? Әшекей заттар сыйласаңыз болмай ма?
  • Үйге қажетті зат сыйласам деп едім. Өте үлкен емес, шағын, әрі сүйкімді нәрсе болса жақсы ғой деп ойлаймын.
  • Ендеше, мына тұрмыстық заттарды қарасаңыз болады.
  • Жақсы, ана гүлдің суреті бар шамды көрсем бола ма?
  • Әрине, оны таңдап алсаңыз болады. Сапасы өте жақсы.
  • Енді сыйлығым құрбыма ұнаса екен.
  • Ендеше, сізге сәттілік тілеймін!
  • Рақмет, сізге!


Сөздік - Dictionary

  1. Сұрау - ask
  2. Туған күн - birthday
  3. Сыйлық – present / gift
  4. Құмыра - vase
  5. Өте әдемі – very nice
  6. Арзан - cheap
  7. Қымбат -expensive
  8. Сыйлау – to give
  9. Шағын - smaller
  10. Сүйкімді - pretty
  11. Таңдау - choose
  12. Шам - lamp
  13. Сапа - quality
  14. Сәттілік тілеймін – wish luck
  15. Табу – to find
  16. Көмектесу – help
  17. Тұрмыстық заттар - household appliances


  • Excuse me, can you help me to get a gift for my friend’s birthday?
  • Come in, have a look, make your choice, we have everything. How old is your friend?
  • She is twenty five, she is young. Can I have a look at that vase, please?
  • Sure. It’s a beautiiful vase.
  • But the price is quite expensive, I don’t have enough money. Could you find me something not so expensive, less expensive, but nice.
  • Let’s see what I can do for you. Does she like jewellery?
  • I wanted to present something for her house, some useful thing. Something not too big, nice and pretty.
  • Then check those household appliances.
  • Can I see that lamp with the flower on it?
  • Good choice. Its quality is very good.
  • I hope my friend will like my gift.
  • Good luck!
  • Thank you for your help!

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.