Lesson / Cабақ 16

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • О, Сания, саған телефон соғармын деп едім. Қалайсың?
  • Жақсымын. Не жаңалық?
  • Айтар жаңалығым жоқ. Бәрі бұрынғыдай.
  • Біздің жұмыста тексеріс болар деп күтудеміз.
  • Жақсы, оның бәрін уақытысында көрерсің. Бүгін сенбі, мүмкін бір жерге барармыз, көңіл-көтеріп, билеп қайтармыз, не айтасың?
  • Шаршап тұрмын. Үйде демалғанымыз дұрыс болар. Ертең барармыз.
  • Республика сарайында жақсы концерт бар. Қазір кассаға барсам, екі билет табылар.
  • Концертке барғым келмейді. Жақсы кино болса, барар едім.
  • Киноны келесі аптада көрерміз. Қазір кинотеатрларда жаңа кино да жоқ.
  • Айдар, мүмкін, үйде телевизор көрерміз, менде әртүрлі DVD дискілер бар.
  • Оларды кейін көрерміз. Қазір Анардың үйіне қонаққа барсақ, қалай қарайсың? Өзін көптен көрмедік. Досымызбен әңгімелесерміз, шаршағаның басылар, жүрші.
  • Анарға кейін барармыз, одан да кешегі ашылған ойын-сауық орталығына барып қайтармыз?
  • Тамаша! Онда боулинг ойнармыз, кафеден тамақтанармыз. Өте жақсы ұсыныс айттың! Рақмет.
  • Жақсы, бір сағаттан соң сонда кездесерміз.


Сөздік - Dictionary

  1. Телефон соғу – call
  2. Жаңалық - news
  3. Бұрынғыдай – as before
  4. Тексеріс – inspection/control
  5. Мүмкін – may be
  6. Уақытында көру – see in time
  7. Көңіл көтеру – go out/ chill out
  8. Әртүрлі - different
  9. Қалай қарайсың? – What do you think?
  10. Көптен көрмеу – did not see for long time
  11. Шаршау – get tired
  12. Ойын-сауық - entertainment
  13. Тамаша - Great
  14. Кездесу - meet
  15. Әңгімелесу - talk


  • Oh, Sania, just wanted to call you. How are you?
  • I am ok. What is the news?
  • Nothing special. Everything’s the same.
  • We are waiting for the inspection at work.
  • Ok, time will tell once it comes. Today is Saturday, what about going out, shall we go dancing? What do you think?
  • I am tired. It will be better if we stay home. We can go tomorrow.
  • There are a nice performance going in the Republican Palace. I still might be able to get couple tickets if go to cashiers now.
  • I don’t want to go to the performance. I would have gone to a decent movie if any.
  • We can go to the cinema next week. There are no good movies at the movie theatres now.
  • Maira, I have a lot of DVD disks, may be we can stay home and watch TV?
  • We can watch them later. How about visiting Anar now? We have not seen her for ages. Let’s go. We can talk to our friend and you might get rid of your tiredness.
  • We will visit Anar later. How about checking recently opened entertainment center?
  • Great! We can play bowling and grab a bite at the café there. It is a great idea! Thank you.
  • Ok, we will meet there in an hour then.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.