Lesson / Cабақ 18

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Не болып жатыр? Барлық көліктер неге жылжымай тұр?
  • Екі көлік жүргізушісі өзара келіспей жатыр. Бір-біріне жол бермей тұр. Соның әсерінен жолда тығырық болып жатыр.
  • Саламатсыз ба, жүргізуші Алия. Көлігіңізді жолдың шетіне шығарыңыз. Сіз көлікті дұрыс жүргізбедіңіз, сондықтан жол ережесін бұзып тұрсыз.
  • Кешіріңіз. Мен жол ережесін бұзып тұрған жоқпын.
  • Айып етпеңіз, бірақ сіз қателесіп тұрсыз. Бұл жерде жылдамдық 30 км деген белгіні көріп тұрсыз ба?
  • Мен бұл белгіні бірінші рет көріп тұрмын! Ештеңені түсінбей тұрмын. Мені текке айыптап жатырсыз.
  • Сіз жол ережесін түсінбей тұрсыз. Жүргізуші куәлігіңізді беріңіз.
  • Міне, куәлігім және сенімхатым.
  • Бұл өз көлігіңіз емес пе? Қазір көптеген жүргізушілер жол ережесін сақтамайды. Осыдан жол апаты, кептеліс көбейіп отыр, жедел-жәрдем көмек көрсетуге үлгірмей жатыр.
  • Жүргізу тәжірибем онша көп емес. Алдағы уақытта байқап жүргіземін. Кешіріңіз.
  • Сіз жол полициясы бөлімшесіне барыңыз, одан соң айыппұлды төлейсіз. Алдағы уақытта ережені бұзбаңыз!
  • Рақмет, сау болыңыз!


Сөздік - Dictionary

  1. Көлік - transport
  2. Жылжу - move
  3. Жүргізуші - driver
  4. тығырық – traffic jam
  5. әсер - influence
  6. Жол ережесін бұзу – infringe the traffic rules
  7. Айып етпеңіз – excuse me
  8. Қателесу - make a mistake
  9. Жылдамдық - speed
  10. Белгі - sign
  11. Айыптау – charge, accuse
  12. Жүргізуші куәлігі – driver’s license
  13. Сенімхат – power of attorney
  14. Жол апаты – accident
  15. Кептеліс – traffic jam
  16. Жедел- жәрдем - emergency
  17. Айыппұл - penalty


  • What is going on? Why are all those cars not moving?
  • There are two drivers arguing there. Nobody wants to gie a way to another. Therefore we have a traffic jam on the road.
  • Hello, Aliya driver. Can you take your transport from the road? You did not drive correctly and infringed the traffic rules.
  • Excuse me. I did not infringe the traffic rules.
  • I am sorry, but you are wrong. Can you see the sign which says that speed in this area is only 30 km/hr?
  • I am seeing that sign for the first time! I can’t understand anything. You are accusing me for nothing.
  • You don’t understand the traffic rules. Give me your driver’s license.
  • Here it is, driver’s license and power of attorney.
  • So, this is not your car? Nowadays more drivers infringe the traffic rules. Therefore we have a lot of accidents, traffic jams and emergency is hardly managing to help in time.
  • I don’t have enough experience of driving. I will be more careful in the future. I apologise.
  • You have to go to the police station and pay a penalty. Do not infringe the traffic rules again!
  • Thank you! Good-bye!

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.