Lesson / Cабақ 19

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Айгүл Асанқызы, маған келіп кетіңізші. Қойын кітапшаңызды ала келіңіз.
  • Жақсы, Қайрат Талғатұлы.
  • Келесі аптаға жоспарланған қандай іс шаралар бар?
  • Дүйсенбіде бөлімдердің кезекті отырысы болМАҚ және тұтынушылар келМЕК.
  • Түсінікті. Бірақ отырыста болмайтын шығармын.
  • Отырысты өткізуді кімге тапсырМАҚсыз?
  • Бөлім меңгерушісіне жүктеМЕКпін, себебі ертең жол жүрМЕКпін, іссапарға барМАҚпын.
  • Қай қалаға барМАҚшысыз? Немен барМАҚсыз, мен билетке тапсырыс берейін.
  • Астанаға. Пойызбен кетПЕКші едім, бірақ уақыт тығыз, сондықтан ұшақпен ұшПАҚшымын.
  • Билетті қай рейске алайын?
  • Бүгінгі кешкі рейске, егер болмаса ертеңгі алғашқы рейске алыңыз.
  • Жарайды. Қайда аялдаМАҚшысыз? Қонақ үйге ме?
  • Иә, қонақ үйге орналасПАҚпын.
  • Жақсы. Қандай қонақ үйге тапсырыс берейін?
  • Сол жағалаудағы, қала орталығына жақын болсын.
  • Іссапарға неше күнге барМАҚшысыз?
  • Үш күнге.
  • Кешіріңіз, сіз іссапарға жүрМЕКші екенсіз, келмек болған тұтынушыларды орынбасарыңыз қабылдай ма?
  • Өзім де соны айтПАҚшы едім. Орынбасарды шақырыңызшы.
  • Жақсы, шақырайын. Сіз әуежайға көлігіңізбен барМАҚшысыз ба, әлде такси жалдаМАҚшысыз ба?
  • Жоқ, таксимен жетПЕКпін.
  • Онда такси жалдап қояйын. Сізді әуежайдан қарсы ала ма?
  • Иә, күтіп алады. Билет алған соң рейстің нөмірін хабарлаңыз.


Сөздік - Dictionary

  1. Қойын кітапша – notebook, notepad
  2. Жаспарлау - plan
  3. Іс шара – measure, action
  4. Кезекті отырыс – next meeting
  5. Тұтынушылар - consumer
  6. Тапсыру – instruction
  7. Уақыт тығыз – tough time
  8. Ұшақпен ұшу – fly
  9. Аялдау - stay
  10. Қонақ үй - hotel
  11. Іс сапар – business trip
  12. Сол жағалау – left coast
  13. Қала орталығы – city center
  14. Орынбасар - deputy
  15. Әуежай - airport
  16. Жалдау – rent, hire


  • Aygul Asankyzi, come to see me. Take your notebook.
  • I will, Kayrat Talgatuli.
  • What is the plan for next week?
  • On Monday we have a regular meeting of departments and our consumers will come.
  • I see. But I think I can’t be at the meeting.
  • Then whom do you want to delegate leading the meeting?
  • I am going to ask the department head, because tomorrow I am travelling, planning a business trip.
  • Which city are you going to? How are you planning to travel? Shall I book the tickets?
  • To Astana. I wanted to go by train, but due to tight schedule I have to take a plane.
  • Which flight shall I book a ticket for?
  • Please get one for this evening flight, and if not available, then the first flight tomorrow morning.
  • Ok. Where will you stay? In a hotel?
  • Yes, I will stay in a hotel.
  • Ok. Which hotel shall I book?
  • Within the bank of the river, and it has to be close to the city center.
  • How many days are you planning to be on this business trip?
  • 3 days.
  • Since you are going on a business trip, shall your deputy meet the consumers scheduled to come?
  • Yes, that is what I wanted to say. Can you call my deputy in, please.
  • Ok. Will you drive to the airport or prefer taking a taxi?
  • I take a taxi.
  • Then I will call a taxi. Will somebody meet you?
  • Yes, they will meet me. Let me know the flight number once get a ticket.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.