Lesson / Cабақ 20

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Сәуле, сізбен бір мәселе жайында сөйлесейін деп едім.
  • Иә, Ардақ Ғаниұлы, сізді тыңдап отырмын. Қандай мәселе туралы сөйлесейін деп едіңіз?
  • Келесі аптада Астанада министрлікте кәсіби білім беру орталықтары басшыларының кездесуі болады екен. Қазір сол туралы жеделхат алып отырмыз. Сізді осы кездесуге жіберейін деп едік.
  • Кездесу барысында қандай мәселелер қаралады? Не туралы талқылау болмақ?
  • Біліктілікті жетілдіру курстарының санын көбейту туралы, шетелдік әріптестермен қарым-қатынасты нығайту жөніндегі мәселелер қаралмақ.
  • Жарайды, бұл жайында қазір баспасөз беттерінде, теледидарда көп нәрсе айтылып жүр емес пе? Арнайы жоба талқыланбақ па?
  • Иә, онда қашықтан оқыту жобасы талқыланайын деп жатыр.
  • Біздің бөлім мамандарының осы жөнінде дайындап жүрген жаңа жобалары бар. Соны министрлікке ұсынайын деп едік.
  • Жобаның іске асуы министрліктің қолдауына байланысты болайын деп тұр>. Астанада осы жайында министрмен сөйлесуіңізді өтінейін деп едім.
  • Кездесу жайында уайымдап тұрмын. Бұл менің министрмен алғаш кездесуім!
  • Сіз түрлі кәсіби кездесулерге қатысқансыз ғой. Сондықтан жобаны сізге сеніп тапсырайын деп отырмыз. Тәжірибеңіздің жеткілікті екенін кездесу кезінде көрсетсеңіз деп едім.
  • Рақмет! Үмітіңізді ақтауға тырысамын.


Сөздік - Dictionary

  1. Мәселе жайында – about an issue/matter
  2. Кәсіби білім беру орталықтары - professional education centries
  3. Кездесу - meeting
  4. Жеделхат - telegram
  5. Талқылау - discussion
  6. Біліктілікті жетілдіру курсы - courses of improving skills
  7. Көбейту - increase
  8. Шетелдік әрістепстер – foreing partners
  9. Қарым-қатынас - relationship
  10. Нығайту - intensify
  11. Баспасөз беттері - press pages
  12. Жоба - project
  13. Қашықтан оқыту – teach from distance
  14. Ұсыну – offer, suggest
  15. Іске асу - realize
  16. Қолдау - support
  17. Уайымдау - worry
  18. Сену - trust
  19. Тәжірибе – experience
  20. Үміт ақтау – come up to expectation


  • Saule, I would like to discuss one issue with you.
  • Yes, Ardak Ganyuli, I am listening to you. What do you want to talk about ?
  • Next week in Astana in the Ministry, there will be a meeting for heads of professional education centres. We have just got a telegram about it. We want to send you to this meeting
  • What will they talk about in this meeting? What will the discussions be about?
  • They will talk about increasing courses of improvement of qualification and developing relationships with foreign partners.
  • Ok, but isn’t this matter being widely discussed on TV and newspapers now. Will they discuss some special project?
  • Yes, they will discuss distance learning project.
  • Our specialists of the department are preparing a project about this and we want to introduce this to the Ministry.
  • Implementation of this project will depend upon support of the Ministry. I would like to ask you to talk to the Minister about this in Astana.
  • I worry about this meeting. This will be my first meeting with the Minister.
  • You have had a lot of different meetings. Therefore we decided to assign this project to you, we wanted you to demostrate your sufficient experience at the meeting.
  • Thank you! I will do my best to meet your expectations.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.