Lesson / Cабақ 21

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat
  • Құрметті Асқар Дәулетұлы, біздің фирманың қызмет түрлерін таныстыруға рұқсат етіңіз.
  • Әрине, Айман Қайратқызы. Бірден іске көшейік.
  • Мінекейіңіз, қарап шығуыңызға болады.
  • Мына қызмет түрі туралы толығырақ мәлімет алуға бола ма?
  • Ендеше қызмет түрлерінің толық тізімін көрсетуге рұқсат етіңіз?
  • Жақсы. Бастауыңызға болады.
  • Бұл қызмет түрі сұранысқа ие деуге болады. Бұл аудит түрін өткізуге біздің фирманың ғана рұқсат қағазы бар.
  • Қызмет көрсетудің алғашқы құнын білуге бола ма?
  • Сапасын көріп, тексеруге болады.
  • Жалпы құнын білуге болмай ма?
  • Өкінішке орай, ол туралы мәлімет беруге болмайды. Сізге арнайы бағамен ұсынып отырмыз.
  • Иә, бағасы лайықты екен. Бұдан басқа тағы қандай қызметтеріңізді ұсына аласыз?
  • Мына бір түрімен танысып шығуыңызға болады.
  • Бұл да тиімді екен. Алайда маған бірінші ұсыныстарыңыз ұнап тұр. Соған тоқталсақ.
  • Қалауыңыз болсын. Қазір келісімшарттың жобасын көрсетуге рұқсат етіңіз.
  • Оны коммерциялық директормен бірге қарап шығуымыз керек. Сіз үлгісін хатшыға тастап кетесіз бе?
  • Жарайды. Мен онда бір жауабын сізден күтемін.
  • Бір шешімге тоқталғанан кейін, міндетті түрде хабар береміз.
  • Уақыт бөлгеніңізге көп рақмет. Хабарласамыз.
  • Сізге де рақмет. Келесі кездескенше!


Сөздік - Dictionary

  1. Қызмет түрлері – type of services
  2. Таныстыру – introduce
  3. Рұқсат ету – permit, allow
  4. Тиімді - usefull
  5. Толығырақ – more, fully
  6. Мәлімет - information
  7. Ендеше - then
  8. Толық тізім – full list
  9. Сұраныс - demand
  10. Рұқсат қағаз - permission
  11. Құн - price
  12. Қалауыңыз болсын - It is up to you
  13. Келісімшарт - contract
  14. Үлгі - example
  15. Бір шешімге тоқталу – make a decision
  16. Уақыт бөлу – spend time


  • Dear Askar Dauletuli, let me introduce you to the services rendered by our company.
  • Sure, Ayman Kayratkyzi. Let’s talk business now.
  • Here it is, you can have a look.
  • Could you give me more information about this type of service, please.
  • Then let me show you a comprehensive list of all our services?
  • Ok. Let’s start.
  • I can say that this type of service has became more popular and in-demand. Only our firm ihas permit to do this type audit.
  • Can I ask about the price of this service?
  • You can check the quality as well.
  • Can’t I know what the total price is?
  • Unfortunately, we are not allowed to give any specific information about it but we do offer you a special price.
  • Well, the price is reasonable. What other services do you offer?
  • You can check this type of service as well.
  • This is useful too. But I prefer the first one. Let’s talk about it.
  • It is up to you. Let me show the draft contract.
  • We have to check it with the commercial director. Can you leave a sample with the secretary?
  • Ok. I am looking forward to your decision.
  • When we make a decision, I will contact you.
  • Thank you for your time. We will get in touch.
  • Thank you. See you soon.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.