Lesson / Cабақ 23

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Маған сенің жәрдемің қажет болып тұр. КөмектесЕ аласың ба?
  • Иә, айта бер. Қолымнан келсе көмек берЕ аламын.
  • Дүние жүзіндегі, елдегі соңғы жаңалықтар туралы баяндама жасауым керек еді, деректерді қайдан алсам болады?
  • Арнайы газет-журналдардан алА аласың немесе интернеттен қараЙ аласың.
  • Ондай газеттерден қарауға уақыт табА алмай жүрмін. Ал, интернеттің іздеу қызметін қолданА алмаймын.
  • Мен саған оны пайдалануды үйретЕ аламын, сосын өзің қажет деректі қарап, табА аласың.
  • Сенің көмектесЕ алатының қандай жақсы болды. Саған сондай ризамын.
  • Қандай тақырыпта баяндама дайындамақшысың?
  • Саяси экономикалық. Келесі аптада халықаралық саммитке өкілдер іссапармен келмек. Сол туралы мәліметті интернеттен табА аламыз ба?
  • Әрине, табА аламыз. Кеше жаңалықтарда Еуроодақтың сауда палатасының жаңа бағдарламасын талқылады. Сол туралы жобаңа қосА алмайсың ба?
  • Иә, қосА аламын, бұл баяндаманың мазмұнын аша түсер еді.
  • Саған мәліметтер қай тілде керек? Орыс, қазақ немесе ағылшын тілінде ме?
  • Қазақша жазсам деп едім, мемлекеттік тілде мәлімет дайындауым қажет болып тұр.
  • Дұрыс, бұл бүгінгі заман талабына сай. Айтпақшы, жылда өтетін Әлемдік бизнес форумы туралы ақпараттар табА алдың ба?
  • Жоқ, табА алмадым. Егер болып жатса, маған жіберЕ аласың ба?
  • Жақсы, табылып қалса, жіберейін.


Сөздік - Dictionary

  1. Жәрдем - help
  2. Қолымнан келсе – If I can
  3. Дүние жүзі - world
  4. Жаңалық - news
  5. Баяндама - report
  6. Дерек - information
  7. Уақыт табу – find the time
  8. Іздеу - search
  9. Пайдалану – use
  10. Өкіл – representative / delegate
  11. Сауда палатасы – chamber of trade
  12. Жаңа бағдарлама – new program
  13. Мазмұн - content
  14. Бүгінгі заман талабы – current time demand
  15. Еуроодақ – European Union
  16. Әлемдік – world’s


  • I need your help. Can you help me?
  • Go ahead. I will do my best.
  • I need to report on the latest world news. Where can i get information about it?
  • You can get it from the certain newspapers or from the internet.
  • I don’t have time to read those newspapers and I don’t know how to use the internet.
  • I can teach you how to use the internet, then you can find all the information you need.
  • It’s great that you can help me. I appreciate it.
  • What is the subject of your report?
  • Politics and economy. Next week the delegates are visiting the international summit. Can we find any information about it in the internet?
  • Of course we can. Yesterday news reported they are discussing a new program of the European Union trade chamber. Can you use this for your report?
  • Yes, I can. It would be great and made my report much better.
  • Which languages are you looking for? Russian, Kazakh or English?
  • I prefer writing in Kazakh, I need to prepare it in the state language.
  • Right, that is up to the current time demand. By the way, did you find any information about the annual world business forum?
  • No, I could not. If you find anything, could you send it to me?
  • Sure, if I find any I will send it to you.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.