Lesson / Cабақ 24

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Бүгін маған Алматыны көрсетесіз бе?
  • Жақсы, қалаға шығайық. Алматыда көптен бері болған жоқсыз ғой. Қаламыз жаңаруда, сізді аралатайын.
  • Жаңа тұрғын үйлері қазір де салынуда ма? Оқу орындары ше?
  • Бұрынғы үйлер орнына жаңалары салынуда. Студенттер санының өсуіне қарай оқу орындары да кеңейтілуде. Оқу ғимараттары қайта жөндеуден өткізілуде.
  • Мәдениет орындарының ахуалы қалай?
  • Мәдени ошақтары да мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынуда, заманауи үрдіске сай жабдықталуда.
  • Тағы не өзгеруде?
  • Керемет бизнес, іскери орталықтар бой көтеруде. Қала аумағы өсуде, көркеюде, сондықтан жаңа орындарға деген сұраныс артуда.
  • Иә, жаңа құрылыс нысандары қаланы өзгерте түсуде екен. Алматының қарқынды дамуда екенін көріп қуанып тұрмын.
  • Айтарлықтай өзгерістер болып жатқаны рас. Қаламызда көлік қозғалысын жеңілдетуде көп жұмыстар жасалынуда. Көптеген айналма жолдар салынуда.
  • Иә, қаланың инфрақұрылымы жылдам даму үстінде екен.
  • Алматының көшелерін көрдіңіз бе, қалай өзгеруде? Қаладағы қоғамдық көліктердің қызметі жақсаруда. Автобустар да жиі жүруде.
  • Халықаралық қатынас жолдары да көбеюде екен.
  • Иә, Алматы тоғыз жолдың торабы, халықаралық әуежай мен вокзалдар үздіксіз қызмет көрсетуде.
  • Енді осының барлығын көргім келіп тұр.
  • Әрине, ал, қазір, жүр, қаланы көрсетейін...


Сөздік - Dictionary

  1. Жаңару - updating
  2. Аралату - sightseeing
  3. Тұрғын үй – a living apartment
  4. Оқу орындары - educational places
  5. Өсу - to grow
  6. Кеңейтілу - to extend / expand
  7. Ғимарат - building
  8. Қайта жөндеу - renovate
  9. Мәдениет орындары - cultural places
  10. Қамқорлы - care
  11. Заманауи - modern
  12. Үдеріс - process
  13. Жабдықталу - to provide
  14. Сұраныс арту - increase in demand
  15. Іскери орталықтар – Business centers
  16. Оқу нысандары - building objects
  17. Қарқынды - promptly to develop
  18. Айналма жол – junction
  19. Қоғамдық көлік – public transport


  • Will you show me Almaty today?
  • Ok, let’s go out. You have not been in Almaty for a long time. Our city is being renovated, let’s do some sightseeing.
  • Are new apartment houses under construction now? And how about educational institutions?
  • Instead of old houses new constructions are being undertaken. The quantity of students increases every year and educational institutions are being expanded too. All educational institutions are under repair now.
  • And what about cultural buildings?
  • Government is taking care of them - they are being repaired applying modern technologies.
  • What else changed?
  • Beautiful business centres are under construction. The city is growing and flourishing, requiring new places.
  • I see that new constructions have changed this city. I am very glad that Almaty has developed so intensively.
  • Yes, it’s true that now there are many significant changes. There is a lot of work done to make city traffic easier. Many additional road junctions are built.
  • I see, the infrastructure of the city has developed rapidly.
  • Have you seen how much the streets of Almaty have changed? Service on public transports have also improved and buses go more often.
  • I see also there are more international bus routes now.
  • Yes, nine roads go out of the Almaty into different directions; continuous service is provided by international airport, bus and train stations.
  • I wish I could see all this now.
  • Certainly, let’s go sightseeing now...

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.