Lesson / Cабақ 25

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Кешіріңіз, сіз Қазақстаннансыз ба? Сіздің еліңізге саяхаттайын деп едім. Еліңіз туралы айтып бересіз бе?
  • Не білгіңіз келеді?
  • Халқы, тарихы, атақты жерлері жайлы.
  • Қазақстан кең-байтақ, пайдалы қазбаларға бай орасан мемлекет.
  • Халқы қандай?
  • Мемлекетіміз көптеген ұлттарды бірікТІРген, достасТЫРған ел.
  • Сонда қанша ұлт өкілдері тұрады?
  • Шамамен жүзден астам.
  • Жергілікті қазақтар немен айналысАТЫН еді?
  • Ертеде қазақ көшпелі болАТЫН еді, негізінен мал шаруашылығымен, егіншілікпен, ұсталықпен айналысАТЫН.
  • Қазақстан тарихы туралы не айтасыз?
  • Ол туралы ұзақ айтуға болАТЫН еді, оған уақыт керек.
  • Жақсы, ендеше, Қазақстанның тарихи жерлерін айтыңызшы.
  • Отырарды, Түркістанды, Сығанақты, басқа да атақты аймақтарды көрсетЕТІН, аралаТатын туристік бағыттар бар. Қазақстанға келсеңіз, өзім қыдыртАТЫН едім.
  • Олар қандай қалалар?
  • Көне Түркістанды, Отырарды ежелгі түркілер тұрҒЫЗған. Ақсақ Темір Яссауи кесенесін салҒЫЗған. Бұлар ЮНЕСКО-ның тізіміне енГІЗілген тарихи ескерткіштер.
  • Қазақстанның табиғаты қандай?
  • Әр аймағы әртүрлі, далалы, шөлейтті, таулы.
  • Ендеше, табиғи қорықтарыңыз көп болар?
  • Иә, Қорғалжын, Алтын емел, Бурабай сияқты ірі қорықтарымыз бар. Ол жерлер өсімдіктер, жануарлар дүниесіне бай.
  • Онда сирек кездесетін түрлері бар болар?
  • Әрине, бар. Мысалы, Қызыл шетенді айтуға болады.
  • Ол сіздерде де өседі ме?
  • Шетен ағашы арнайы қорық ретінде құрылған. Ол атақты Шарын шатқалы аңғарында.
  • Маған көп мәлімет бердіңіз. Сізге ризамын.
  • О не дегеніңіз! Оқасы жоқ.


Сөздік - Dictionary

  1. Саяхат - travel
  2. Халық - people
  3. Тарих - history
  4. Атақты жер, аймақ – famous place, region
  5. Кең-байтақ - Spacious, wide
  6. Пайдалы қазба – Minerals/natural resources
  7. Ұлт өкілдері – representative to the nation
  8. Шамамен - approximately
  9. Жергілікті - local
  10. Ежелгі түркілер - ancient turkis
  11. Қорық - reserve
  12. Табиғат - nature
  13. Далалы - steppe
  14. Шөлейтті - deserted
  15. Қызыл шетен - a mountain red ash
  16. Шарын шатқалы - Charyn canyon
  17. Ұсталық - facilities
  18. Егіншілік - agriculture
  19. Шаруашылық - farm


  • Excuse me, are you from Kazakhstan? I would like to visit your country. Could you tell me about your country?
  • What do you want to know?
  • People, history, famous places.
  • Kazakhstan is wide and spacious; famous of natural resources.
  • What are the people like?
  • Multiple ethnic groups live in peace and friendship in the country.
  • How many ethnic groups are there?
  • About 100 groups.
  • What do kazaks do?
  • Ancient Kazakhs were nomads and they were engaged in farming and agriculture.
  • What can you tell about history of Kazakhstan?
  • I may tell a lot but need more time for that.
  • Ok, then tell me about historical places in Kazakhstan.
  • There are tourist agencies that can arrange tours to the Otyrar, Turkestan, Syganak. If you visit Kazakhstan, I can take you there.
  • What kind of cities are they?
  • Old Turkestan, Otyrar were built by ancient Turks. Temir the Lame constructed the Yassauy musoleum. They are historical monuments registered in the UNESCO list.
  • And what about the Kazakhstan scenery (nature)?
  • It differs in different regions, it can be steppes, desert, mountains.
  • Then, you should have a lot of natural reserves?
  • Yes, we do, they are Altyn emel, Burabay and Korgalzhin. They are rich in plants and animals.
  • Are there any rare samples?
  • Definitely. For example, mountain red ashberry.
  • Does it grow there?
  • Mountain ashberry grows in the reserve. It’s in the famous Charyn canyon.
  • You gave me a lot of information. I appreciate it.
  • You are welcome.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.