Lesson / Cабақ 26

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Қандай теледидар бағдарламалары сізді қызықтырады?
  • Меніңше, теледидарда көрерменді қызықтыратын бағдарламаларды аз беретін тәрізді.
  • Неге? Керісінше, қазір қызықты ток-шоулар, телехикаяларды көбірек көрсететін секілді ғой.
  • Теледидарға қарағанда радионы көбірек тыңдайтын сияқтымын.
  • Қазіргі телебағдарламалар адамның дамуына бағыт беретін тәрізді. Сіз қалай ойлайсыз?
  • Әрине, барлық бағдарлама зеріктіреді деу қате болатын шығар, мүмкін пайдалы да болар.
  • Иә, ТВ бағдарламасында берілетін тіл үйрету бағдарламалары көмек көрсететін секілді. Әріптестерім де осы пікірде.
  • Алайда, қазақ тіліндегі ток-шоу, кино, телехикаялардың тіл үйренуге көмегі бар ма?
  • Әрине, субститрлі кино, деректі фильмдерді түсіну оңай, ал ток-шоулар қиындау.
  • Ол дұрыс, бірақ радио тыңдау арқылы да сөйлеп жаттығуға болатын сияқты.
  • Сіз қай радиоларды тыңдайсыз?
  • Қазақ радиосындағы ән шашу бағдарламасын күнде тыңдаймын десем өтірік болмас. Ол бағдарламаны басқа адамдар қызыға тыңдайтын шығар деп ойлаймын.
  • Менің радио тыңдамайтыныма сенбейтін шығарсыз. Жұмыста мүмкіндігім болмайды.
  • Жұмыста радио тыңдау кедергі келтіретін сияқты ғой.
  • Иә, кеңсеге келетін әрбір клиент жұмысын тез бітіргенді ұнатады. Жұмыстан соң ешнәрсе істеуге шамам келмейтін сияқты.
  • Сондайда радиодан әуен тыңдасаң, сергисің. Сіз қазақ әуендерін ұнататын сияқтысыз ғой.
  • Иә, халық әндерін жақсы көрем(ін).
  • Ендеше, кешкі сағат тоғызда болатын ән бағдарламасын тыңдап көріңізші.
  • Жарайды. Тыңдап көрейін.


Сөздік - Dictionary

  1. Бағдарлама - program
  2. Қызықтыру - to make interested
  3. Көрермен - spectator
  4. Қызықты - interesting
  5. Көбірек - more
  6. Даму - develop
  7. Бағыт – direction
  8. Зеріктіру - boring
  9. Қате - wrong, mistake
  10. Пайдалы - usefull
  11. Тіл үйрету бағдарламалары – language learning programs
  12. Пікір -opinion
  13. Деректі фильмдер - Documentary film
  14. Жаттығу -exersise
  15. Ән шашу бағдарламасы - Music program
  16. Десем өтірік болмас – won’t be a lie if say so
  17. Ешнәрсе істеуге шама келмеу – unable to do anything
  18. Әуен - melody
  19. Халық әндері – folk-songs


  • What television programs do you like?
  • In my opinion, there are very few interesting programs on TV these days.
  • Why? I won’t agree with you, there seem to be many talk-shows and soap operas on TV now.
  • I seem listening to radio more than watching TV.
  • Current television programs seem helpful developing a human being. What do you think?
  • Sure, it will be wrong to say that all TV programmes are making people bored. There are some useful probably.
  • I agree, especially language learning programs seem helpful. My colleagues have the same opinion.
  • Do you think soap operas, talk-shows and movies are of any use in learning Kazakh language?
  • There are movies with subtitles and documentary films that are easy to understand, but talk-shows seem rather difficult to understand.
  • That’s right. But it is possible to learn language by listening to radio too.
  • What radio stations do you listen to?
  • If I say that everyday I listen to Kazakh radio music program it will not be a lie. I think a lot of people enjoy this program.
  • Can you believe that I don’t listen to the radio? I have no opportunity at work.
  • Listening to the radio at work seems distracting.
  • That is right, every client wants to finish their job as soon as possible. After work I feel too tired to do anything.
  • Then it is relaxing to listen to the radio. You seem enjoying Kazakh melodies.
  • Yes I do love folk-songs.
  • Then, try to listen to the musical program at 9 p.m.
  • Ok. I will.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.