Lesson / Cабақ 27

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Жазда қалай демалуды қалайсың?
  • Теңіз жағасына баруды немесе таулы жерлерде демалғанды ұнатамын.
  • Сен жазғы демалысты ұйымдастыратын агенттік іздеп жүр едің ғой? Таба алдың ба?
  • Иә, біраз жерлерге бардым, алайда олардың көрсететін қызмет түрі ұнамады.
  • Мына бір жарнамаға қарашы. «Жазғы демалысты сіздің қалауыңыз бойынша ұйымдастырамыз» деп жазыпты.
  • Қайсы? Қай агенттік, қандай қызмет түрлерін ұсыныпты?
  • Міне, телефонын жазып алып, хабарласcаң болады.
  • Жақсы, телефон соғармын. Айтпақшы, сен демалысты қалай жоспарлағанды ұнатасың?
  • Мен агенттік арқылы емес, өзім жоспарлап, ұйымдастырғанды қалаймын.
  • Менде керісінше. Өзім істеуді ұнатпаймын. Білетін адамдардың жасағанын қалаймын.
  • Агенттікті сол үшін іздеген екенсің ғой. Қалай болғанын қалайсың?
  • Баратын елдің атақты, көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырғанын, аралатқанын қалаймын. Ал қай елдерге баруды, саяхат жасағанды ұнатасың?
  • Мен өз еліміздің көрікті жерлерін аралағанды қалаймын. Сен ше?
  • Шетелге баруды ел, жер көруді қалаймын. Өзге елдің мәдениетін көргенді, тарихи жерлерін суретке түсіргенді ұнатамын.
  • Ал менде керісінше. Шет елге шығуды қаламаймын. Шетелге шығу үшін виза аштыру, тағы басқа құжаттар дайындап, жүгіргенді қаламаймын.
  • Ол да дұрыс шығар. Мен ең бастысы демалыстың жақсы ұйымдастырылғанын қалаймын.
  • Дұрыс, менде алдымен жақсы жоспарлағанды қалаймын, жоспарсыз, ұйымдастырусыз саяхатқа шығуды ұнатпаймын.
  • Бағасының арзандау болғанын, тиімді болғанын қалаймын.
  • Мен сол үшін агеттік таңдап жүрмін ғой.


Сөздік - Dictionary

  1. Ұнату – to like
  2. Ұйымдастыру – to organize
  3. Демалу – take rest
  4. Жоспарлау – to plan
  5. Көрікті жерлер – nice places
  6. Айтпақшы – by the way
  7. Арқылы - through
  8. Қызмет түрі – type of service
  9. Жарнама - advertisement
  10. Таңдау - choose
  11. Таба алу – to find
  12. Ұсыныс – offer, suggest
  13. Іздеу - search
  14. Телефон соғу – to call
  15. Керісінше - against


  • How do you prefer to rest in the summer?
  • I prfer going to the sea or to the mountains.
  • You were searching for an agency to organize summer holiday. Did you find one?
  • Yes I did visit many places, but didn’t like their service.
  • Check this advertisement. They are saying that “will organize summer holiday at your discretion”.
  • Where? Which agency? What services do they offer?
  • Take their telephone number and call them.
  • Ok, I will call. By the way, how do you like to organize your holiday?
  • I like to organize it myself, not through the agency.
  • I’m the opposite. I don’t like doing it myself. I prefer when competent people take care of it.
  • Now I understand why you were looking for an agency. What are you looking for?
  • I wish they would organize tours in well-known, beautiful places. And which countries do you want to visit?
  • I want to go to beautiful places in our own country. And you?
  • I wish to go abroad and see other countries, cultures, make pictures of historical places.
  • I’m the opposite; i don’t like travelling abroad. Travelling abroad requires requires applying for visa, compiling many other documents and a lot of running around.
  • May be you are right. The main thing for me is proper organization of things.
  • Right, I like planning everything in advance too; I don’t like to travel without a plan.
  • I prfer reasonable and advantageous prices.
  • So I’m looking for such agency.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.