Lesson / Cабақ 28

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Бүгінгі ауа райы турлы мәліметті тыңдадыңыз ба?
  • Иә, ауа райы болжамын теледидардан естідім. Түске дейін күн ашық, жылы болады. Түстен кейін жаңбыр жауады. Кешке қарай салқындайды. Ауа температурасы +10+12 градус жылы болады.
  • Мен кеше интернеттен бір аптаның ауа-райы туралы болжамды көргенмін. Мамыр айы болса да, күн жылымай тұр. Жауынды, бұлтты күндер көбейіп кетті.
  • Шуақсыз күндер адамды тұнжыратып жібереді екен. Қазір бұрынғыдай емес. Бұл бүкіләлемдік жылыну мәселесіне байланысты болса керек.
  • Шын мәнінде, ауа райы өзгеріссіз, бір қалыпты тұра алмайды. Әлемнің бір жерлері қарсыз, мұзсыз болса, екінші жерлері сусыз, жауынсыз, көк шөпсіз.
  • Оныңыз рас. Мен тау басының кейде қарсыз, ал етегінің көк шалғынсыз жатқанына қарап көңілім қатты құлазиды.
  • Бәрі өзгеріп барады. Таза ауасыз, самал желсіз қалада өмір сүру өте қиын.
  • Осының барлығын адамсыз өзгертуге болмайды. Өзіміз табиғатқа көмектеспесек, болашақта шөлді, шаң-тозаңды, теңізсіз, таусыз, ауасыз қапырық жерде өмір сүреміз.
  • Ауаның ластануынан ауа райы, климат өзгеріп кетті. Көктем жауынсыз, жаз болса желді, ал қыстың қарсыз болуы қалыпты жағдайға айналды.
  • Көктемде жауын жеткіліксіз болғандықтан күзде өнім мардымсыз алынады. Жаз бен көктем жауын-шашынды болғаны дұрыс.
  • Иә, жазда бұлтты, жауынды күндер жетіспейді. Қыс қарлы болса көктемде жер ылғалды, сулы болады.
  • Ал мен көктем мезгілінің құрғақ, жауынсыз болғанын ұнатамын. Әсіресе, таңертеңгі шусыз, шаң-тозаңсыз, таза, жұпар ауамен демалған қандай тамаша!
  • Иә, мен сізбен келісемін.


Сөздік - Dictionary

  1. Ауа райы туралы болжам - Weather forecasts
  2. Бүкіләлемдік жылыну - Global warming
  3. Тау - mountain
  4. Шалғын - grass
  5. Құлазу - Devastation
  6. Ластану - polution
  7. Мардымсыз - Unimportant, unproductive
  8. Жұпар ауа - fresh air
  9. Жауын - rain
  10. Жауын-шашын - rain
  11. Ыстық - hot
  12. Суық - cold
  13. Аяз - frost
  14. Жел - wind
  15. Самал жел – cool wind
  16. Бұлт - cloud


  • Did you hear the weather forecast for today?
  • Yes, I heard weather forecast on TV. It will be warm and nice until lunch time but will rain in the afternoon. In the evening it will get colder. Temperature will be + 10/+12 centigrade.
  • I saw the weather forecast for the next week on the Internet. Despite of the month of May, it is still cold. There are many rainy and cloudy days.
  • A person becomes sad when it’s not warm. Nowdays differ from before. It is connected with global warming, I think.
  • It is true, the weather can’t stay the same all the time as before. There are places in the world with no snow or ice, or no water, no rain and no grass.
  • That is right. When I see the tops of mountains without snow, and bottom without grass, I feel devastated.
  • Everything is changing now. It is hard to live in the city without fresh air and cool wind.
  • You can’t change it without human help. If we don’t help environment, in the future we will live with no real air, in dusty conditions, in the desert and no sea.
  • From air pollution the climate has changed. Spring without rain, windy summer and winter without snow become usual weather.
  • Because of lack of spring rains, the crops are poor in the fall. Spring and summer should be rainy.
  • Yes, in the summer and in the spring there are not enough cool, rainy days. If the winter is snowy, the spring will be humid.
  • I prefer when spring is dry, without rain; particularly when you can breath fresh air in the morning without dust.
  • Yes, I agree with you.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.