Lesson / Cабақ 5

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Анар, қазір қаланың ішіне саяхатқа шығамыз.
  • Қайда барамыз? Қаланың дүкендеріне барамыз ба?
  • Жоқ, дүкендеріне бүгін бармаймыз. Алматының театрларына, республика сарайына, саябақтарына барайық.
  • Әуезов драма театрына барамыз ба? Қалай барамыз? Театр қай көшеде?
  • Театрдың мекен-жайы Абай-Мұқанов қиылысы, циркке қарсы жерде.
  • Жақсы. Оның жанына жақын тағы не бар?
  • Оның қасына жақын демалыс саябағы бар.
  • О, жақсы ғой. Саябақтың ішіне кірейік, аралайық. Әуезов ескерткішінің қасына суретке түсейік. Жарай ма?
  • Әрине.
  • Ал қазір қай автобусқа отырамыз?
  • Жүр, көшеге шығайық, Абай даңғылына аялдамаға барайық. Сонда сұраймыз.
  • Абай-Мұқанов қиылысына барамыз ба?
  • Иә, қазір сонда театрға барамыз.


Сөздік - Dictionary

  1. Дүкен - shop
  2. Саяхат - travel
  3. Саябақ - park
  4. Көше - street
  5. Мекен-жай - address
  6. Қиылыс – corner, crossing
  7. Жаны, маңы, қасы – near, next to
  8. Қарсысы - opposite
  9. Жақын - near
  10. Демалыс – week-end, holiday
  11. Аялдама – bus stop
  12. Қазір - now
  13. Шығу – go / come out
  14. Сұрау - ask
  15. Сонда, сол кезде – then, by that time


  • Anar, now we will go to see around the city.
  • Where are we going? Are we going shopping?
  • No, we will not go shopping today. Let’s go to the Almaty theatres, parks and the Republican Palace.
  • Will we go to the Drama Theatre of Auezov? How shall we go? Which street is the theatre on?
  • The address of the theatre is corner of the Abay and Mukanov streets, it’s opposite the circus.
  • Ok. What else is there, near the theater?
  • There is a nice park nearby.
  • Oh good. Let’s go to the park. Let’s take a picture next to the monument of Auezov. Ok?
  • No problem.
  • Which bus shall we take now?
  • Let’s first get out and go to the bus stop on Abay avenue. We will ask there.
  • Will we go to the corner of the Abay-Mukanov streets?
  • Yes, we will go to the theatre there.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.