Lesson / Cабақ 6

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Кешіріңіз, сіз осы дүкен қызметкерісіз бе?
  • Иә, қандай заттар қажет? Сізге көмегім керек пе?
  • Иә, маған кейбір заттар керек еді.
  • Қайсысы? Азық-түліктер оң жағыңызда, ал тұрмыстық заттар сол жағыңызда. Ортасында киімдер бөлімі бар.
  • Рахмет, қарайын.
  • Тағы бірдеме керек пе?
  • Қанттың қорабында бағасы жоқ екен. Ол қанша тұрады?
  • Бағалар қораптардың сыртында, міне мұнда.
  • Мынау ма? Рахмет, және ыдыс жуатын сұйықтық қайда екен?
  • Жуғыш заттар қажет пе? Қазір тура жүресіз, ол екінші қатардың сол жағында.
  • Ә, таптым! Оттық қай жерде екен?
  • Мұнда, сұйықтықтың жанында. Сізге қай түрі керек?
  • Мынау жақсы. Көмегіңізге көп рақмет!
  • Келіп тұрыңыз!


Сөздік - Dictionary

  1. Супермаркет – supermarket
  2. Көмек қажет пе? – can I help you?
  3. Зат – thing/item
  4. Дүкен қызметкері – salesman / shop employee
  5. Қандай заттар қажет? – What are you looking for?
  6. Азық-түлік – food product
  7. Тұрмыстық зат – household item
  8. Күнделікті – everyday’s
  9. Оң жағыңызда – on the right side
  10. Сол жағыңызда – on the left side
  11. Ортасында – in the middle / center
  12. Мұнда – here
  13. Асүй үшін – for kitchen
  14. Ыдыс жуатын сұйықтық – washing liquid
  15. Сіріңке – match
  16. Қорап - box
  17. Көмегіңізге көп рақмет – Thanks a lot for your help


  • Excuse me - do you work in this store?
  • Yes I do, can I help you?
  • Yes, there are items I need.
  • Which ones? Food products are on the right, and household items are on the left. The clothing department is in the middle.
  • Thank you, let me check
  • Can I help you with anything else?
  • There is no price label on the box of sugar. How much does it cost?
  • The prices are written outside the box, here it is.
  • А-аh! I see now. Thank you. And where can I find dish washing liquid?
  • Do you need washing items? Walk straight forward, they are on the left side of the second row.
  • А-ha, I see, and where can I find matches?
  • Here they are, by beverages. What kind do you need?
  • This one is good. Many thanks for your help!
  • You’re welcome!

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.