Lesson / Cабақ 8

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Апа, бүгін қандай тамақ жасаймыз? Неден жасаймыз, еттен бе, балықтан ба?
  • Қызым, ыстық сорпа ішейін деп едім , бүгін еттен түшпара дайындайық.
  • Ол қай елдің ұлттық тағамы? Қазақтың ба?
  • Жоқ, түшпара орыстың тағамы.
  • Ол неден жасалады?
  • Еттен, ұннан, пияздан жасалады, бұрыш қосуға болады.
  • Бір сағатта дайын бола ма?
  • Әрине. Маған бұрыштан берші.
  • Қай бұрыштан? Қызылынан ба, қарасынан ба?
  • Қарасынан қосайын деп едім, қызылы ащы болады.
  • Мен көмектесейінші. Сізден тамақ жасауды үйренейін деп едім.
  • Сен пияздан тазала. Мен қамыр дайындайын.
  • Ұннан қанша қосасыз? Жұмыртқадан ше?
  • Ұннан үш стақан жетеді. Жұмыртқа жоқ, дүкенге барайын.
  • Мен барайын, апа. Қазір әкелейін.
  • Рақмет, балам.


Сөздік - Dictionary

  1. Тамақ - food
  2. Бүгін - today
  3. Балық - fish
  4. Жасау - do
  5. Ыстық сорпа - hot soup
  6. Ет - meet
  7. Тұшпара - dampling
  8. Ұлттық тағам – national food
  9. Қара/ қызыл бұрыш – red/black pepper
  10. Ұн - flour
  11. Көмектесу - help
  12. Қамыр - pastry
  13. Жұмыртқа - egg
  14. Ащы - spicy
  15. Пияз - onion


  • Mom, what do we cook today? Fish or meat?
  • Daughter, I want some hot soup, let’s make dumplings from meat today.
  • Which nation’s food are dumplings? Is it Kazakh food?
  • No, dumplings are Russian food.
  • What are they made from?
  • They are made from meat, flour, onions and you can add pepper as well.
  • Will it be cooked within an hour?
  • Of course. Give me some pepper, please.
  • Which one? Red or black?
  • I would like to add black, red will be too spicy.
  • Can I help you? I want to learn cooking from you.
  • Ok, peel few onions first. I will do the pastry.
  • How much flour do you add? And how many eggs?
  • Three glasses of flour will be enough. We have no eggs left, I will go to the store.
  • Let me go, Mom. I will bring them.
  • Thank you, kid.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.