Lesson / Cабақ 9

Оқыңыз. Аударыңыз. Read. Translate
Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Listen. Repeat

  • Асқар, қош келдің, төрлет.
  • Мынау саған.
  • Ой , несіне әуре болдың, рахмет. Дастарханға жүр.
  • Қонақтарың келмеді ме?
  • Келді. Қысылма, жоғары шық.
  • Кешіктім, ренжіме.
  • Ештеңе етпейді. Дастарханға жаңа отырдық. Кел, мұнда отыр. Дәмді салат жасадым. Дәмін көрші...
  • Саңырауқұлақ салаты ма? Тағы не салдың?
  • Әрнеден салдым. Зәйтүн майын қостым, өсімдік майын қоспадым.
  • Дәмді.
  • Жұмыстан шықтың, білем, кешкі асты ішпедің.
  • Иә.
  • Қонақтар сөйледі, жақсы тілек айтты. Ендігі кезек сенде.
  • Құрметті қонақтар, Алма, аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз жарқын, денсаулықтарыңыз мықты, әр күндеріңіз мейрам болсын.
  • Рахмет, сен жақсы сөйледің, жақсы тілектер айттың, жақсы өнер көрсеттің.
  • Тым мақтап жібердің
  • Тамақ дайын. Манты жасамадым, палау әзірледім. Уақыт тығыз болды, тағы бірдемені дайындауды үлгермедім.
  • Оқасы жоқ, сен тамақты жақсы дайындайсың ғой. Сен жасаған тамақ әрқашан дәмді.


Сөздік - Dictionary

  1. Қош келдің - welcome
  2. Төрлет – come in
  3. Қонақ - guest
  4. Ештеңе етпейді – never mind
  5. Әуре болу - worry
  6. Дәмді - delicious
  7. Салат - salad
  8. Саңырауқұлақ - mushroom
  9. Зәйтүн майы – olive oil
  10. Өсімдік майы – vegetable oil
  11. Кешкі ас - dinner
  12. Тілек айту – wish wishes
  13. Аспандарыңыз ашық – clear sky
  14. Көңілдеріңіз жарқын – good mood
  15. Денсаулықтарыңыз мықты болсын – let your health be strong
  16. Мақтау - praise
  17. Мейрам – holiday / celebration
  18. Уақыт тығыз – time limit / have no enough time


  • Askar welcome, come in.
  • This is for you.
  • Oh, you didn’t need to worry about it, thank you. Come to the table.
  • Have your guests come yet?
  • They did. Come in, don’t be shy.
  • I am sorry I am late.
  • Never mind. We have just started. Take this seat. I made tasty salad. Help yourself…
  • Is it mushroom salad? What else did you add?
  • I put in everything! Added olive oil, not vegetable oil.
  • It is delicious!
  • I knew you work late and did not have dinner yet.
  • That’s true.
  • Our guests have given toasts, they have said all their wishes. Now it is your turn.
  • Dear guests, Alma, I wish clear sky above, high moods, and strong health.
  • Thank you, you have wished all the best, that is a nice speech, you have shown your impressive skills.
  • Oh, you are praising too much!…
  • Food is ready. I have cooked plov, not manty. I wanted to cook some more food, but did not have enough time.
  • Don’t worry, we know you are a good cook. The food which you cook is always delicious.

 

© PricewaterhouseCoopers. All rights reserved.